Кеңестің кезекті отырысы

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Жиынға аталған кеңестің төрайымы, аудан әкімнің орынбасары Гүлфира Рамазанова, облыстық  дін істері басқармасының  діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Бағдат Мұқанова, «Береке» мешітінің бас имамы Жеңіс Шимпаев, шіркеу басшысы Виталий  және ауылдық округ әкімдері қатысты. Кеңес барысында аудандағы  діни ахуал, кәмелетке толмағандарды дәстүрлі емес діни ағымдарға тартудың алдын алу және ескерту бойынша жұмыс жүргізу, сондай-ақ  діни бірлестіктерді тіркеу мәселелері  талқыланды. Талқыланған мәселе бойынша нақты жауаптар қайтарылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Безымянный

Return to Top ▲Return to Top ▲