«Ислам және зайырлы қоғам» атты тақырыпта жастармен кездесу өткізілді

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен және И.Шухов атындағы балалар кітапханасының мұрындық болуымен «Ислам және зайырлы қоғам» атты тақырыпта жастармен кездесу өткізілді. Шараға облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы, жастар ісі бөлімінің меңгерушісі А.Алыпқашев, Қазақстан халқы облыстық ассамблеяның өкілі Д. Хасанова қалалық кітапхананың қызметкері З.Кәрімбаева, бірінші лицейдің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Іс-шараны мешіттің найб имамы А.Алыпқашев отансүйгіштік, дін және ұлтаралық татулық, ислам және зайырлы қоғам туралы орыс тілінде жан-жақты хабарлама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Д. Хасанова өзге этнос өкілдері бір шаңырақтың астында тәп-тәтті сүріп жатқаны туралы айтты.

Іс-шараға қатысқандар ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта жиі кездесіп тұруға уағдаласты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

DSC06408  DSC06415 DSC06422

 

Return to Top ▲Return to Top ▲