СҚО Жамбыл аудандық «Тәуба» мешітінің ұйымдастыруымен Айымжан ауылы оқушылармен «Имандылық және ата-ананы құрметтеу» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Бұл жиында «Тәуба» мешітінің бас имамы Блисов Ғабит Қуандықұлы жастарға«Ата-ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы» дегендей ата-ана алдындағы міндеттерін ұмытпау оларға әрқашан құрмет көрсетіп, қадірлеу, жайында уағыз айтты. Сонымен қатар, кездесуге қатысушы жастарға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, олардың жетегінде еріп кетпеудің жолдары туралы да ақпараттар берілді. Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, мешіт имамына алғыстарын жеткізді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі