Ақпан айының 15-ы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқрамасы алғаш рет өткізгелі отырған «Ислам -бейбітшілік пен келісім діні» атты имамдар форумы жөнінде теріскейлік жамағатқа жан-жақты ақпарат берілуде.Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы «Діни басқарманың – 2020жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарыныңТұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» және«Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» құжаттарының маңыздылығын айтып, жергіліктітелеарналарға сұхбат берді. Сонымен қатар, солтүстіктен де арнайы делегация баратыны айтылды. Тілшілер бас имамнан мамандар дайындау, білім беру жүйесінжақсарту, кадрлық діни ахуалды тұрақтандыру проблемалары алдағы күндері шешімін табатынын естіп, білді.
Сондай-ақ, форум қарсаңында өңір ақсақалдарымен де кездесу өтті. Исламның рухани-имандылық және адамгершілік қасиеттерін насихаттау, діни-ағартушылық, қайырымдылық жұмыстарды тұрақты және тиімді жүргізу, сондай -ақ дін қызметкерлерін жалпы халық пен мешіт жамағатына сапалы қызмет көрсете алатын деңгейге көтеріп, олардың құрметі пенбеделін арттыру заман талабынан туындап отыр, деді Бас имам аға буын өкілдеріне. Бас қосуда орталық мешітте бір жылдағы атқарылған жұмыстар да сөз болды.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі