«Зайырлы мемлекет және дін қатынастары дәстүрлі рухани құндылықтар аясында» атты екікүндік семинар өтті.

Астана қаласында «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары дәстүрлі рухани құндылықтар аясында» атты екікүндік семинар өтті.

Өскелең ұрпаққа рухани-өнегелік тәрбие берудегі, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайтудағы әйелдер рөлін арттыру, діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бағытындағы әйелдер қоғамдық ұйымдарының қызметін жандандыруды көздеген шараға діни білім беру мекемелерінің ұстаздары, әйелдер қоғамдық ұйымдарының жетекшілері және ЖОО жанынан қыздар клубының басшылары қатысты. Маңызды шараға Петропавл қаласынан ұстаздар – Айымжан Сейдалиева, Назгүл Қойшина және Әлия қажы барды.

Оқыту семинары барысында ҚР МСМ ДІК Төрағасы Ғ.Н.Шойкин және ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб-мүфти Өтпенов Наурызбай баяндама жасаса, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің басшылығы мен қызметкерлері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері, ҚМДБ-ның мамандары, білікті сарапшылар мен дінтанушылар дәрістер өткізді.

Сондай-ақ, қатысушылар қазақ қыздарының өнегелі буынын тәбиелеу мақсатында құрылған «Қыз Жібек» клубының қызметімен танысып, Орта Азия мұсылман әйелдерінің ІІ форумын өткізу мәселелері талқылады.

Екі күндік шараның соңында барлық қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталды.

6bfdb4457095d86049dc2bfc83dad317 4W2A8306 _MG_0417 _MG_0425 _MG_0430

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲