Жат ағымдар бойынша есеп

Бабаларымыздың қаны,  аналарымыздың жасымен қол жеткізген бостандығымыз әрбір қазақ азаматы үшін баға жетпес қазына. Сонау «Ақтабан шұбырындыдан» «желтоқсан» оқиғасына дейінгі қазақ басына төнген аласапыран сынақтар біздерді тәуелсіздікке жеткізген киелі баспалдақ іспеттес. Дініміз, діліміз қайта оралған сәтте жетпіс жыл бойы рухани құлазыған халқымыз жаппай дінге бет бұрды.
«Шөлдеген жан су көрсе, бас қоймай ма қайнарға», деп дана Абай атамыз айтқандай өзінің рухани бұлақ көзінің бастауына сол кезде жұртшылық,  соның ішінде жастар мән бермеді. Тұнық таза исламмен бірге кертартпа пікірлер де араласып кетті. Аузында «бисмилләсі» бар барлық жанды діндар деп санайтын дархан қазақ халқымыз алғашында жалған дін жаюшылардың парқын айырмады. Оған себеп, сол уақыттағы Қазақстан жеріндегі дін ғалымдарының аздығы мешіт имамдарының білімдерінің таяздығы, арнайы имамдар дайындайтын оқу орындарының жоқтығы.

Жүрек көкейінде пайда болған сауалдарына ұтымды жауап таба алмаған иманды жастар сол кездері шетел асып, ислам дінінің білім ордаларынан тәлім алды. Қазақи салт-дәстүр мен діни ұстанымды бойларына сіңіріп үлгермеген қазақ жастары елге оралып, сол елдің салт-дәстүрлерін, діни ұстанымдарын  жая бастады. Осы кезде ғасырлар бойы халықтың санасында қалыптасқан салт-дәстүр мен діни үрдіске келімсек дін жаюшылардың пікірі сәйкес келмей қарама-қайшылыққа апарды. Әсіресе, жастар арасында бұл ұстанымдардың бірбеткей қабылдап, отбасын одан кейін қоғамның шырқын бұзды. Осының кесірінен бауырлар қатынасына сызат түссе, оның арты қазақи болмысымыздан айырылуға сәл-ақ қалды. Жаңбырдан соң қаулап өсетін арамшөп секілді бұл келімсек жат ағымдармен ұтымды күресудің бір-ақ жолы  –  ол діни тұрғыда сауатты болу.

СҚО бойынша жат ағымдармен күресу келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

Бірінші: Мешіт қабырғасында жүргізілетін уағыздар

Жат ағымдарды болдырмаудың бірден бір жолы мешіттерде сапалы уағыздар жүргізу және уағыз барысында жат ағымдар турасында олардың зардаптарын айту. Осы бағытта мешітте жүйелі түрде жұмасына үш рет ақшам намазы мен құптан намазының арасында мешітке келген жамағатқа уағыз айтылады. Уағыз барысында дінге бет бұрған жастарға ерекше назар аударылады.

Екінші: Жүгіртпе жол

«Қызылжар» орталық келетіне келетін намазхандардың саналуан ұлттылығын ескере отырып, мешітінің бірінші және екінші қабатында орналасқан жүгіртпе жол арқылы орыс-қазақ тілдерінде арнайы дайындалған уағыздар  қойылады. Жүгіртпе жолдың артықшылығы діни мәлімет аламын деуші кез-келген уақытта аталмыш құрылғыны қосып, діни мағлұмат алады.

Үшінші: Дөңгелек үстелдер кездесулер

Облысымыздағы жоғары оқу орындарында, мектеп-колледждерде, кітапханаларда  студенттермен жиі кездесулер өткізіліп тұрады. Аталмыш кездесулерде сұрақтарға ерекше мән беріледі. Жыл бойына облысымыз бойынша жат ағымдардың алдын алуға орай отызға тарта кездесулер өткізілді.

Төртінші: БАҚ жұмысын күшейту

Бұқаралық ақпарат құралдары ол халықтың көзі һәм тілі. Сол себепті осы салаға ерекше назар аударылуы қажет. Осы жылы облыс бойыша жат ағымдарды алдын алуға байланысты 30-ға тарта мақала жарық көрді.

«Қызылжар» орталық мешітінің ресми сайтында (www.uagyz.kz) және облыс көлемінде газет-журналдарда жарық көрген мақалалар тізімі.

Мақала тақырыбы Авторы БАҚ адресі
1 Ырыс қайда барасың бірлігі бар елге барамын  «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы www.uagyz.kz
2 Жат ағымдар адастырады «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы www.uagyz.kz
3 Ислам діні -бейбітшілік дін «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
4 Діни алауыздықтың (фитна) шығу себептері мен оның саяси астары «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
5 Исламдағы бірлік пен бауырмашылдықтың алғышарттары «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
6 Басшыға бағыну – парыз «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
7 Шейіттер және олардың сүнниттерден айырмашылығы «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
8 Хизбуттахрир неге шақырады «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
9 Таблиғ жамағаты «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
10 Сопылық жол «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
11 Ақ тырна, ақ сұңқар немесе адасуды жаңа жолы «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
12 Такфир жамағат «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
13 Шынайы саляфтар қандай ақида ұстанған? «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
14 Уахабизм ағымының шығу тарихы «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
15 Харижилер «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
16 Мазһаб ұстану –ынтымақ кепілі «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
17 Ханафи мазһабының өміршеңдігі «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
18 Ханафи мазһабының дәлелдері. «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
19 Бидғат сөзінің мағынасы «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
20 Сақал қою парыз ба? «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
21 Балақ қысқартудың үкімі «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz
22 Уахабшылардың негізгі қателіктері «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат www.uagyz.kz

 

5-Түрме бойынша жұмыстар

СҚО бойынша төрт түзету абақтысы, бір оқшаулау абақтысы бар. ТК-164/6 (Әйелдер абақтысы) Петропавл қаласында орналасқан. ТК164/3, ТК164/1 Заречное кентінде орналасқан. ТК164/8 Есіл ауданы, Горный ауылында орналасқан. ТК-164/4 Айыртау ауданы, Саумалкөл селосында орналасқан.

Жыл бойына аталмыш түзету абақтыларында белгіленген кестеге сәйкес шамамен 100 ге тарта кездесу болды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲