«Қызылжар» орталық мешітінің 10 жылдық мерейтойына орай №1 Спортқа дарынды балалардың интернатында «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен жастар – біздің ертеңгі болашағымыздың кепілі дегендей, 1999-2003 жылғы жасөспірімдер арасында қазақша күрестен жарыс өтті. Жарысқа қатысушылардың барлығы да күш-жігерлерін салып, мықтылықтарын танытты. Жарыс болғаннан кейін жеңімпаз да болады. Дін істер бөлімінің директоры Нұрғали Нұрғожин жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары: Қармысов Кеңес, Сайдалин Айбек 9 түрлі салмақтағы 27 орынды жастарға медаль, мақтау қағаздарымен марапаттады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі