«Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы, жастар ісі бөлімінің жетекшісі Аян Алыпқашев облыстық жетім балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға адамгершілік қасиеттер, оқу білімнің пайдасы, үлкенге құрмет, тағы да басқа ізгіліктер жайында уағыз айтты. Өскелең ұрпаққа дін қызметкерлерінің ақыл-кеңесі қажет,-дейді мектеп ұстаздары. Сондықтан имамдар аптаның демалыс күндері жастармен ылғи кездесіп тұруға уағдаласты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.