Жуырда ЖАНТ мүшелері: ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы мен осы мешіттің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы арнайы іссапармен өңіріміздің үш ауданында болды.
Алдымен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылының жамағатымен кездесті. Онда үш жүзден астам үйі бар үлкен ауылда жаңа мешіт салу жөнінде сөз қозғалды. Одан кейін ЖАНТ мүшелері Чистополье ауылының жамағатымен кездесті. Ал Сарыбұлақ ауылында көп ұзамай пайдаланылуға берілетін мешітте болды.
ЖАНТ мүшелері көршілес Айыртау аудандық және Кирилловка ауылындағы «Наурыз Сыздық» мешіттерінде болды.
Іссапар Есіл ауданында аяқталды.
Бұл іссапар мешіттердің жай-күйін, яғни ішкі-сыртқы тазалығына, қысқа дайындығына көз жеткізу мақсатын көздеген болатын.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі