ЖАНТ мүшелері: ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы мен осы мешіттің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлының облыс аудандарына іссапарлары жалғасын табуда. Жақында олар Мамлют ауданында болды. Ондағы аудандық мешітте оның жамағатымен кездесу барысында өкіл имам ынтымақ-бірлік жайында уағыз айтты. Соңында мешітке компьютер мен кітаптар тарту етілді. Мешіт жамағаттарының бірі аудандық мешіттің жаңадан тағайындалған бас имамы Салахитдин Мухуддиновтың жұмысына ризашылығын білдірді.
Қыс болса қоңыржай болып тұратын бұл мешітке күрделі жөндеу жөндеу жүргізілуде. Атап айтқанда, жылу жүйесі жаңартылуда, заманауи терезелер орнатылуда.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі