«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен жыл сайын ауызашар беріп жүрген мекемелердің бірі – облыстық көлік бақылау инспекциясы. Биыл бұл мекеме орталық мешіттің үлкен асханасында ауызашар берді. Оған 250 жамағат жиналды.
Ауызашарда «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы оразаның мән-жайы туралы уағыз айтты.
Сауабы мол бұл шараны ұйымдастырушыларға қазақ театрының директоры Біржан Жалғасбаев және басқа мешіт жамағаттары лебіздерін білдірді. Ауызашар соңында оны өткізген ұйымның басшысы Сұңғат Рахымжанов жиналған жамағатқа алғыс айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі