ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАТЫН БОЛАДЫ – ҚР ІІМ


«Ғимаратта бомба бар» деген жалған ақпаратты таратушылар қатаң жазаланады. Бүгін еліміздің Ішкі істер министрлігі кезекті брифинг ұйымдастырып, апта бойы жарылғыш заттарды ойынға айналдырған азаматтардың біртіндеп анықталып жатқанын мәлімдеді.

Олардың дені мектеп жасындағы оқушылар. Бірақ араларында ересек азаматтардың да бар екені аян, – деді Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз. Одан өзге брифингте айтылғандай, осы апта ішінде 3879 қылмыс тіркеліп, «ізі» суымай оның 2300-ге жуығы ашылып отыр. Бұрын жасалған 568 және өткен жылдары орын алған 18 қылмыс әшкереленді. Іздеу салынғандардың 130-ы табылып, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 145 факті тіркелді. Айта кетерлігі, апта ішінде жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесін беріп, бір ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

– Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде 90 қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық топтың 1 көшбасшысы мен 20 қатысушысы, қылмыстық ортаның 10 «беделдісі» қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 2 автомат, 8 тапанша, 1 граната, 289 патрон, 2,5 келден астам марихуанна тәркіленді.

khabar.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲