ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Уәлиханов ауданында «Ел үлесі- пәтерге» акциясы аясында 3 отбасы баспаналы болды.
Салтанатты іс-шараға қатысқан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Аманжолұлы көмекке мұқтаж отбасыларға №426, 427, 428 үйлердің кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.
Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті жамағаттан біраз адам ат салысты.
Мерейлі іс-шарада үйлі болған үш отбасы да игі жобаның басы-қасында жүрген барша азаматтарға және мешіт имамдары мен жамағаттарына шексіз ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік бұл еліміз бойынша беріліп отырған 428-ші баспана. Мұндай қайырымдылық шарасы еліміз бойынша ұйымдастырылып жатыр.