ЕЛ-МАҚТАНЫШЫ ЖАСТАР

М.Жұмабаев аудандық «Береке» мешітінің ұйымдастыруымен және  Нұр отан жастар қанаты ат салысуымен «Ел мақтанышы жастар» тақырыбында спорт жетекшілері арасында кездесу өтті.

Кездесуге аудандық «Береке» мешітінің бас имамы Ж.Шимпаев спорт жетекшілері және жастар қанатының өкілдері қатысты. Кездесу барысында сөз алған өңір имамы жастарды салауатты өмір салтына баулу әр ата-ананың және жетекшінің тікелей міндеті, олардың елімізге тигізер пайдасы мен мақтанышы да жастар екенін дөп басып айтты. Кедесу соңында сұрақтар қойылып, сауалдарға жауап берілді. Жетекшілер дін маман тарапына айтылған ұсыныстарын білдіріп, алдағы жұмыстарды бірге өткізуге шешім қабылдады.

89-

 

Return to Top ▲Return to Top ▲