Елімізде баласынан безген «көкек» аналар көбейіп барады

Елімізде баласынан безген «көкек» аналар көбейіп барады. Республика көлемінде дәл осындай жағдайлар әр жерден жиі естіліп жатады. Бүгін Жоғарғы соттың баспасөз қызметі бір ғана Қостанай облысы бойынша бірнеше оқиғаны тізіп берді. Туа салысымен далада, қоқыста қалған нәрестелердің кейбірі жарық дүниенің қызығын көрмей жатып о дүниеге аттанып кеткен. Ал оларды тастап кеткен шешесымақтар мемлекеттің құрығынан құтылмай темір торға тоғытылды.

Қостанай облысы бойынша сұмдық оқиғаның бірін, яғни өз баласын өлтірген адамның бірі – Айнагүл атты келіншек. Ол төрт баланың анасы бола тұра, бесіншісінбосанғанда құтылуға әрекеттенген. Сөйтіп, сәбиін қайшымен жарақаттап, ақыр аяғында о дүниелік еткен. Қазір бұл келіншек екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Қостанайда перзентханада жатып босанған Сымбат атты бойжеткен туа салысымен, өз нәрестесін қала сыртындағы темір жолдың бойына тастап кеткен. Ол өзінің бұл әрекетін баланы некесіз дүниеге әкелгені үшін ата-анасынан қорыққандығымен түсіндіреді. Ол да бір жарым жылға абақтыға жабылған. Ал жазықсыз сәби сол темір жол бойында көз жұмыпты.

Оксана Петерс, ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі:

– Осы санаттағы тағы бір іс бойынша, Махаббат А. есімді бойжеткен ата-анасы мен туыстарынан жүктілігін жасырмақшы болып, Қостанай қаласында құрбыларымен пәтер жалдап тұрады. Мерзімі келген уақытта дүниеге нәресте алып келген жас ана баласын даладағы қоқыс жинайтын дүңгіршекке апарып тастайты.

Қоқыста қалған сәбидің көрер жарығы бар шығар, оның шырылдаған жан дауысын маңайдағылардың бірі естіп, дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің сөзінше, сәбидің жағдайы қазір бірқалыпты көрінеді. Ал көкек ана бір жылға бас бостандығынан айырылды. Жақында осыған ұқсас жағдай Көкшетау қаласында да тіркелді. Өзен жағасында босанған әйел баласын сол жердегі қамыс арасына тастап кеткен. Қазір сәби дәрігерлердің қарауында.

Ирина Фаюстова, Көкшетау қалалық перзентханасының дәрігері:

– Қыздың салмағы 3келі 572 грамм, бойы- 53 см. Баланы жылыттық, қазір ол қалпына келді, туған анасы болмағандықтан, әзірге қолдан тамақтандырып жатырмыз.

Осылайша елімізде тастанды балалардың саны артып келеді. Бұған себеп болып тұрған жағдайды да дөп басып айту қиын. Мүмкін, отбасындағы тәрбиенің осалдығы, әлеуметтік жағдайдың төмендігінен болар, жыл сайын ондаған бала тас жетім болып қалуда.

 

Ғабит Ұзақбай

ktk.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲