Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес мәжiлiсi өттi

2016 жылғы 29 наурызда облыстық әкiмдiкте Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Дүйсенованың төрағалық етуiмен Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңестiң мәжiлiсi өттi. Жиынға «Қызылжар» ораталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы қатысты.

Кеңесте Тайынша және Айыртау аудандары әкiмдерiнiң орынбасарлары Ж.Е. Аладаназарова мен М.Т. Науанованың Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң мемлекет пен дiни бiрлестiктер диалогының тиiмдiлiгiн арттырудағы рөлi туралы ақпараты тыңдалды.

Бiлiм берудiң қоғамдық қауiпсiздiктi арттыру мен нығайтудағы рөлi: «Зайырлылық және дiнтану негiздерi» пәнiн оқыту туралы бiлiм басқармасы басшысының орынбасары В.С. Ткаченко және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ директоры А.Ж. Мұрзалинова баяндады.

Өткiзiлген талқылауды ескере отырып тиiстi тапсырмалар қабылданды.

udr.sko.gov.kz

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

2_2903 1_2903

Return to Top ▲Return to Top ▲