Дүйсенбі сайын қайырымдылық ұйымдастырып, дастархан жаятын жақсы дәстүр «Қызылжар» орталық мешітініде бәз қалпына келе бастады. Осы жолғы шараны да мешіттің өзі ұйымдастырды. Оны бір топ жамағат қолдады. Нәтижесінде ақшам намазынан шыққан намазхандар мешіттің кіші асханасында қайырымдылық дастарханынан дәм татты. Онда «Қызылжар» мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков «Бес парыздың хикметі» тақырыбында уағыз айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі