Ауыл молдаларын жыл сайын жүзеге асырылатын бір айлық курстарға тоғыстыру «Қызылжар» орталық мешітінде қалыптаса бастаған құбылыс. Осы жылы да, орталық мешіт облысымыздағы қала және ауыл молдаларының басын құрап, білім жетілдіру курсын ұйымдастырғаны белгілі. Енді сол курс өз мәресіне жетіп, 13 молдаға курсты тәмамдағандары жөнінде наиб имам Қасымхан Абдуллаұлы және азаншы Қарамысов Кеңес сертификатты табыс етті. Айта кетсек, молдаларға орталық мешіттің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы және найб имамдар дәріс оқыды. Және Құран Кәрім, Ақида, хадис, сира, фикх сияқты пәндер оқытылды. Ендігі кезекте екінші лекті оқыту қолға алынуда. Қуаныштысы сол—ауыл молдаларының білім деңгейі жоғарылай түскені.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі