Құрметті оқырман! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің мұсылман қауымы үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Осыған орай, ҚМДБ-ның уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімі мен ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайты шығармашылық бәйге жариялайды!
Шығармалар сайысының тақырыбы: «Ислам және дәстүр».
1-ші орын – 250 000 тг.
2-ші орын – 150 000 тг.
3-ші орын – 75 000 тг.
Сайысқа қатысу тегін әрі жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
Сайыс жеңімпазын халық және арнайы әділқазылар алқасы анықтайды. Келіп түскен материалдар 1 күннің ішінде арнайы тағайындалған сарапшылардың сараптамасынан өтіп, төменде көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда, материалды үміткер шығарма ретінде сайтымызда жариялап отыратын боламыз. Жарияланған уақыттан бастап халықтың дауыс беруі жүзеге асырылады.
Шығармаларды қабылдау 5 наурыз бен 15 сәуір аралығында жүргізіледі. Сайыс қорытындысы 18 сәуір күні белгілі болады. Жеңімпазды анықтау барысында сайт оқырмандарының да дауысы есептеліп, әділ қазылар алқасының шешіміне әсер ететін болады. Дауыс беру тек muftyat.kz сайтында жарық көрген шығарма жанында орналасқан «ұнайды» немесе «ұнамайды» тетіктерін басу арқылы ғана жүзеге асырылады.
Шығармаларға қойылатын талаптар:
Шығарманың көшірме (плагиат) болмауы шарт, яғни бөгде автордың ойын немесе оқиға желісіне ұқсас жазылған болса, сайысқа қабылданбайды. Егер бұрын жарияланған шығарма болса, алғашқы дереккөзді көрсетуі міндетті.
Дін мен дәстүрдің сабақтастығы әр қырынан жан-жақты ашылуы қажет.
Шығарманың мәтіні қатесіз әрі сөйлем құрылысы дұрыс болуы шарт.
Дінаралық немесе ұлтаралық араздық тудыратын шығармалар қабылданбайды.
Шығарма көлемі А4 көлеміндегі 3 бет пен 5 беттің арасында болуы қажет.
Мәтінге мән бере түсу үшін әрбір автор көлемі 40 кб аспайтын фотосурет қолдануына болады.
Сайысқа қатысушылар өз шығармаларын bayge-kmdb@mail.ru электронды жәшігіне жолдауы керек.
Ескерту:
1. Әділқазылар алқасы өз шешімдері үшін түсіндірме беруге міндеттелмейді.
2. Сайысқа қабылданған шығармалар авторларға қайтарып берілмейді.
3. Сайысқа жіберілген шығармаларды қолдану құқығы muftyat.kz сайтына тиесілі болады.
4. Muftyat.kz сайты жарияланар шығармаларды өңдеуге немесе түзетуге құқылы болып есептеледі.
www.muftyat.kz