Дубай муниципалитетінің өкілдері қаланың жаңа көрікті жері – Mohammad Bin Rashid Library кітапханасы салынып жатқан Dubai Creek маңындағы 66 мың шаршы метр жер теліміне барып қайтқан.
Жоба құны миллиард дирхамға ($272 млн) бағалануда. Ғимараттың пішіні ашық кітап түрінде болмақ және онда жертөлесі бар басты ғимарат, астыңғы қабаты бар жеті қабат, сондай-ақ, кітаптарға арналған орталық қойма болмақ.
Сондай-ақ, кітапханада кітаптарды, қолжазбалар мен құжаттарды сақтап әрі қайтадан қалпына келтіретін орталық, Әл-Мактум отбасы жинақтамасындағы сирек жасандылар мұражайы және мұра мен адамзат өркениетінің тарихына арналған мұражай жұмыс жасайтын болады.
Жоба 10 мамандандырылған кітапханадан тұрады, оларда 1,5 млн басылып шығарылған кітаптар мен 2 млн сандық және миллион аудио-кітаптар сақталмақ.
Аталмыш кітапхананың ашылуы 2018 жылдың орта шеніне жоспарланып отыр.
Бұл кітапханаға жыл сайын 42 млн адам келеді деп күтілуде.
Президент шейх Халиф бин Зайед Әл-Нахайянның бастамасымен 2016 жыл Оқу жылы деп аталған болатын, ал аталмыш жоба Оқу жылының құрметіне арналып шейх Мұхаммедпен жарияланған еді.