«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ораза бойы күнде өткізілетін ауызашар беруге мұсылман диаспоралары да зор құлшыныс білдіреді. Жексенбі күні «Вайнах» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саип Байдуев өз отбасы атынан «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берді.
Оразаның екінші күніндегі ауызашарға 300-дей жамағат жиналды. Олардың алдында мұсылман диаспораларының жетекшілері игі тілектерін білдірді. Шешен-ингуш диаспорасының жетекшісі Саип Байдуев ауызашарға келгендерге алғысын арнады. Ауызашар соңында ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Рамазан айының зор сауабы хақында уағыз айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі