«Қызылжар» орталық мешітінде берілген бұрынғы ауызашарларға облыстық әділет департаментінің басшылары байқаушылар ретінде қатысқандай үнсіз отыратын. Биыл бәрі де басқаша болды: департамент басшыларының өздері осы мешітте ауызашар берді.
Департамент бастығы Руслан Кәктай мен оның орынбасары Батырбек Қалабаев өз отбасылары атынан берген ауызашарға жиналғандар мешіттің үлкен асханасын толтырды. Онда департамент бастығының өзі сөз бастады. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, түрік диаспорасының жетекшісі Идрис Картал, ауызашар дастарқанын жайған басшыларға тілектерін арнады. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы әрбір жанға мейірім төгетін Рамазан айының маңыздылығы туралы уағыз айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі