Мағжан Жұмабаев ауданы орталығындағы «Береке» мешітінің ұжымы жергілікті кітапханада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби-танымдық іс-шара өткізді. Оған мектеп ұстаздары мен оқушылары, мешіт пен кітапхана қызметкерлері және елдімекеннің шығармашыл жастары қатысты. Кеш барысында Хәкім Абайдың дана өлең-жырлары оқылып, бір ғасырдан артық уақыт бойы халқымыздың құлақ құрышын қандырып келетін әндері шырқалды.