«Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету ) мектеп-интернаты» биыл өздеріне келетін балаларды 2 жастан бастап оқытуға көшпек. Сондықтан оларға арнайы бөлме қарастырылуда.Осыған орай интернат басшылығы мешітімізден кілем сұраған болатын.
Бейсенбі күні осы өтініш орындалды:бір кілем табыс етілді. Сондай-ақ азық-түлік қоса берілді. Шараға қатысқан «Қызылжар» мешітінің қариы Мұхаммед Файзиев интернат мұғалімдерінің сұрақтарына жауап қайтарды. Интернат басшылары мешіт ұжымына алғыс арнады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.