Облысымыздың орталығындағы түрік диаспорасы сауапқа кенелтетін ізгі істер тындыруға келгенде белсенді-ақ.Олар биыл мешітімізде екі рет ауызашар бермек.Соның біріншісі бейсенбі күні берілді.Ауызашар 250 адамды тоғыстырды.Онда уағыз-насихат айтқан ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Рамазан айының мән-маңызына ғана емес, сонымен бірге ұлтаралық келісімді нығайтуға тоқталып өтті.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі