СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбын діттеген конференция өтті. Конференцияға Ұлттық ұлан әскери институтының курсанттары, әділет басқармасынының, Ішкі істер департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, ұлттық қауіпсіздік Комитеті департаментінің қызметкерлері, ардагерлер мен студенттер қатысты. Университеттің проректоры Лаура Қайыржанованың кіріспе сөзінен кейін облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай Өтпенов пен бөлім меңгерушісі Ершат Оңғаров, Дін істері жөніндегі комитеттің бас сарапшысы Ботагөз Шахметова баяндамалар жасады. Олар тілге тиек еткен мәселелер аз емес: мемлекеттің тұтастығындағы діннің орнынан бастап, Алланың ақ жолына түскен жастарға дейін. Конференцияға қатысушыларға ҚМДБ-ның жаңа кітаптары – «Дәстүрлі ислам жауһарлары» және пәтуалар жинағы таныстырылып, олардың бір-бір данасы облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсеноваға табыс етілді. Конференцияға қатысушылар Үндеу қабылдады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі