Болашақ қажыларға интерактивті сабақ жүргізілді

«Қызылжар» орталық мешітінде қажылық сапарына аттанайын деп жүрген азаматтарға интерактивті сабақ өткізілді. Онда қажылықтың парыздары мен уәжіптерінің орындалуы жайында маңызды ақпарат беріліп, экрандағы карта бойынша қажылықтың толық бағдарламасы, оның мәні мен мағынасы, тарихы түсіндірілді. Сабақты мешіттің наиб имамы Қасымхан Абдұллаұлы өткізді. Сонымен қатар СҚО әкімдігінің дін істері басқармасы, діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Алиппаев Аслан «Қажылықтың әлеуметтік маңызы» атты лекция оқыды. Орталық мешіт қажыларға сәт сапар тілеп, қажылықтары қабыл болсын деген тілектермен шығарып салды.

dsc07964

dsc07943

dsc08006

 

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲