Бас мүфти Қызылжар өңірінде

2014 жылдың 16 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қарасай батыр ауылындағы жаңа мешіт құрылысының алғашқы іргетасын (капсуласын) қалауға қатынасты.

Ауыл тұрғындары алдында сөз алған Еліміздің Бас мүфтиі қазақ халқының азаттығы жолында жаумен айқасқан қос батыр – Шапырашты Қарасай батыр мен Арғын Ағынтай батырлардың  мәңгі мекені болған қасиетті Айыртау өңірінде жаңа мешіттің діни-рухани орталыққа және жастарға тәрбие беретін орталыққа айналатынын баса айтып, осындай игі істі бастап отырған азаматтарға алғысын жеткізді.

Сонан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Анархан Дүйсеновамен бірге жаңа мешіттің іргетасын қалады.

DSC_3785DSC_3771

Return to Top ▲Return to Top ▲