БАС МҮФТИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маямеровтің  Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары  жалғасуда. Қасиетті жұма күні Бас мүфти Петропавл қаласында бой көтергелі отырған жаңа мешіттің қазығын қағып, осы жердің тұрғындарымен кездесті. Игі істің діни ахуалдың тұрақтылығына өзіндік ықпалы зор болатынын да айтты.

Бұдан кейін Ержан қажы Малғажыұлы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Қазіргі қазақстандық қоғамның руханилығын қалыптастырудағы діннің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.  Жиналғандарға  қазақ руханиятының дамуындағы ислам дінінің рөлін баяндады. Ол өз сөзінде дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы әңгімеледі.  Халқымызға тән имандылық, ибалық мінез  тәрбие көрінісі екенін нақты мысалдармен келтірді.

 

Ғылыми-практикалық конференцияға университет студенттері, басқа дін өкілдері мен жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысқанын да айта кеткен жөн.

DSC00739 DSC00732 DSC00726 DSC00697

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Return to Top ▲Return to Top ▲