БАС МҮФТИ: БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ АРТАДЫ

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырзамен кездесті.

Дипломат жаңа ғимаратқа қоныс аударған Бас мүфтиді, ҚМДБ ұжымын құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Қадірлі мүфти-хазірет, жаңа ғимараттарыңыз құтты болсын. Расында, бұл ғимараттың ашылуы – тарихи оқиға. Алла берекелі етсін. Бауырлас елдердің басшылары қазақ-түрік халықтарының достық қарым-қатынасын күн сайын нығайтып келеді. Елбасы айтқандай, біздің түбіміз – түрік, дініміз – Ислам. Біздің мәзһабымыз да бір. Сондықтан, біз бір-бірімізге әрқашан қолдау көрсетуіміз керек», – деп атап өтті Невзат Уянык мырза.

Өз кезегінде Серікбай Сатыбалдыұлы:

«Қазақстан мен Түркия – діні мен ділі бір бауырлас ел. Екі елдің Діни басқармалары арасында өзара ынтымақтастық келісім орнаған. Бұл уағдаластық болашақта да жалғаса беретініне сенімдімін. Бүгінде Түркияның «Хасеки» жоғары діни білім беру академиясында 42 қазақстандық имам білімін жетілдіруде. Осындай мүмкіндік тудырған Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, доктор Әли Ербаш мырзаға айрықша алғысымды жолдаймын. Діни саладағы тәжірибе алмасу, өзара келісім негізіндегі жұмыстарымыз жалғасын таба береді. Қазақта: «Елдестірмек – елшіден…» деген сөз бар. Сіз екі елдің Діни басқармалары арасындағы қарым-қатынасқа ұйытқы болып келесіз. Бауырлас елдердің байланысы арта бермек. Жұмысыңызға береке тілеймін», – деген ізгі ниетін жеткізді.

Басқосу соңында тараптар діни сала бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдала

Return to Top ▲Return to Top ▲