Христиан дін өкілдерінің Рождество мерекесі Иса (ғ.с.) пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі болып саналады. Қоғамдағы ұлтаралық қатынасты, еліміздегі діни келісім мен толеранттылықты сақтау мақсатында, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Облыстық Қызылжар орталық» мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы мен мешіттің наиб имамы Бақтығали Тұяқбаев Петропавл-Булаево епархиясының епископы, Гуриймен кездесті. Кездесу барысында облыс имамы православтарды мейрамдарымен құттықтап, қазақстандық қоғамдағы бiрлiк пен ынтымақтың маңыздылығы жайында сөз қозғады және сыйлықтар табыстады. Петропавл-Булаево епархиясының епископы, Гурий Бас имам Кенжетай Байкемелұлына құттықтай келгенi үшiн алғысын бiлдiрдi.