Жақында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аян Болатұлы Алыпқашев іссапармен Аққайың ауданында болып қайтты. Іссапар барысында Аян Алыпқашев және Аққайың ауданының бас имамы Ақылбек Бердібеков ауданға қарасты елді-мекендерде болып, мектеп оқушыларымен кездесті. Іссапардың басты мақсаты – еліміздің діни оқу орындарына шәкірттерді үгіттеу.
Кездесуде ислам дініндегі білімнің орны туралы, тәлім-тәрбие, ұлттық құндылықтар жайында уағыз айтылды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі