Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Дін істер агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкиннің төрағалығымен антитеррорлық комиссия мен ақпараттық-насихат топ мүшелерінің қатысуымен видеоконференция өтті. Аталмыш жиынға облыстық мешіттің наиб имамы Руслан Қайыргелді қатысты. Кездесуде антитеррорлық комиссияның, ақпараттық-насихат топтарының жұмыстары қаралды. Сондай-ақ аталмыш топтардың бекітілген жұмыс жоспары мен әдістемелік құралы талқыланып, насихат топтардың жұмыс ауқымын кеңейту үшін БАҚ-ты тиімді пайдалану туралы айтылды.
Дін істер агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин ақпараттық-насихат тобы жұмысын жақсарту үшін мамандардың жетіспеушілігін, қаржыландырудың осалдығын баса айтты. Әр облыстың Дін істері басқармаларының өкілдері қатысқан бұл видеоконференция барысында бірнеше мәселелер көтеріліп, талқыланды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі