Ақжардығы дөңгелек үстел

Ақжар ауданы Үлкен-Қарой мешітінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінің  кітапханасында  жастармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу барысында «ҚР-дағы этно-аралық қатынастары саласын  құқықтық  реттеу;  даму жағыдайы» тақырыбында уағыз  айтылды. Және  косымша діни ағым жайында, жастар арасындағы әдепсіз қылықтар, зинакорлық, арақ-шарап, т.б. тақырыптарда сөз қозғалып,  уағыз  айтылды. Жиынның мақсаты – қазақ жастарын дәстүрімізден аспай, инабаттылыққа бет бұрып, жат әдеттерден сақ болуды насихаттау болды. Жастармен   кездесу  барысында жастарға жат ұғым мен жат әдеттердің зияны, Ислам дінінің қадір-қасиеті турасында мол мағлұматтар беріліп, қатысушылардың қойылған сұрақтарына толықанды  жауап берілді.

Безымянный Безымянный 1

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲