“Ауызашар қоржыны” қайырымдылық акциясы өтті

СҚО-да “Ауызашар қоржыны” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. “Зекет және қайырымдылық” қорының өңір бойынша өкілдігі мен “Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының алғашқы күнінде 100-ден астам мұқтаж жанға ауызашар қоржыны берілді. Ас орталық мешітте әзірленді. Ауызашар берудің артықшылығында ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: “Ораза ұстағанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, ұстаушының сауабы кемітілмейді”, – деді.

Return to Top ▲Return to Top ▲