Бүгін «Қызылжар» орталық мешітінде аудандық мешіттердің бас имамдары есеп берді.Онда соңғы бес айда атқарылған жұмыс талқыланды. Атап айтқанда,қайырымдылық,уағыз-насихат және оқу-ағарту мәселелері бойынша тындырылған істер таразыланды.
Мәжілісті жүргізген ҚМДБ-ның өкіл имамы, «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы имамдарға жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.
Түстен кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Ниязов Әбу қазіргі діни ахуал туралы баяндап имамдардың сұрақтарына жауап қайтарды. Одан соң, аудан имамдары алдында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілі Бауыржан Ескендіров Жат ағымдарға қарсы күрес жүргізудің жай-жапсарын айтып берді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі