Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Алыпқашев Аян Болатұлының бастамасымен қаламыздағы №12 орта мектептің оқушылары АллаҺ Тағаланың жердегі үйіне арнайы қадам басып келген еді.
Бұл шара барысында наиб имам шәкірттерді мешіттің тарихы жайлы айта келе асыл дініміздің құндылықтарын насихаттайтын уағыз-насихат айтты.
Тартымды шара аясында өскелең ұрпақ өкілдері кітапхана және дәрісханаларды аралап, діни әдебиеттермен танысты.
облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі