Астана қаласында сегіз мешіт бар. Міне,солардың қатары қалың жамағаты кең көлемде қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға да қауқарлы.Мәселен, өткен жылы Қарағанды облысының бір өңірін тасқын басқанда солардың көмегімен қайырымдылық керуені жөнелтілген болатын.
Қызылжар өңіріндегі Келлеровка ауылын биыл су басқанда астаналық мешіттердің намазхандары тағы да жұдырықтай жұмылып, қайырымдылық керуенін Тайынша топырағына аттандырды.Сәрсенбі күні осы жүк жеріне жеткізілді. «Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай бастап келген үлкен автокөлікке бағасы 3 миллион теңгенің 15 тонна тауарлары артылған.Соның бәрі сол күні үлестірілді.
Бұл шараға астаналық наиб имамдармен бірге «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай,аудан мен ауыл әкімдері қатысты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.