Алатаудың ар жағынан келген айырқалпақты ағайындар – қырғыз диаспорасы сан жағынан көп емес. Соған қарамастан олар мешіт шараларына жүйелі түрде қатысып келеді. Өткен сәрсенбі күні олардың мешітімізде ауызашар беруі – осының айқын айғағы. Оған қатысқан ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ауызашарда Рамазан айының қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айтты. Сондай –ақ ұлтаралық татулыққа жылы лебізін білдірді. Онда қырғыз диаспорасының жетекшісі Мейрамбек Болтуруков және өзге де диаспоралардың өкілдері игі тілектерін жеткізді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі