Абай – 175: ҚЫЗЫЛЖАРДА ЖЫР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ

Өңірімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар легі жалғасуда. Ұлы ақын мұраларын насихаттап, жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулуға бағытталған игі істерге «Қызылжар» орталық мешіті де белсене атсалысуда. Күні кеше ғана Алла үйінде Абай өлеңдерін оқудан өңірлік байқау өтсе, бүгінмешіт өңіріміздің орталығындағы  Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен «Өлең – сөздің патшасы» атты аймақаралық жастар жыр мүшайрасына демеушілік қолдау көрсетті.  Кітапхана ұжымы ұйымдастырған жыр сайысына Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының  дарынды  жас ақындары қатысты. «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай үлкен сайыс  алдында қатысушыларға ақ батасын беріп,  сәттілік  тіледі. Қаламы ұшқыр дарын иелерін  үстіміздегі жылғы атаулы даталармен құттықтап, бұл мерейтойлардың тиісті түрде мерекеленуіне жас ақындар да өзіндік үлесін қосып отырғанына ризашылығын білдірді.

Жыр додасында Павлодар облысынан келген жас ақын Жарқынбек Амантайұлы жеңіске жетті. 

Return to Top ▲Return to Top ▲