ОРТАҚ ТОЙ

Есіл ауданындағы Жарғайын ауылының тұрғындары биылғы Ұлыстың ұлы күнін жаңа мешітте өткізді. Ауылдастарын құттықтауға осы ауылдың тумасы Дулат қажы Қалитов Алматы қаласынан арнайы келді. Жиналған жамағат мешіт дастарқанынан дәм татты. Наруыз мейрамы – жалпыхалықтық той. Сондықтан Горный ауылындағы абақтыда жазасын өтеп жатқандар да төл жаңа жылымызды үмітпен, болашаққа сеніммен қарсы алу үшін аудан имамы Мұхаммед Мирзоев олармен кездесіп, уағыз айтты. Исламдағы халал мен харам, Құран оқудын артықшылығы жайлы танымдарын кеңейткен жазасын өтеушілерге «Имам» журналы мен «Ислам және өркениеті» газеті таратылды. Түрме басшылары аудан имамының келелі кездесуі үшін ризашылықтарын білдірді.
Наруыз тойы аудан орталығында да лайықты аталып өтілді. Мереке күні мұсылман жамағаты үшін дастарқан жайылып, дәм үстінде мейрамның адами қасиеттерге тәрбиелейтін артықшылығы әңгімеге арқау болды.

IMG_2445.jpg (640×480)

IMG_2192.jpg (640×480) IMG_1088.jpg (640×480)

Return to Top ▲Return to Top ▲