Мәңгілік ел

«Қазақстан – 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі.

 

Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.

Үдеудің сыры – бірлікте,

Жүдеудің сыры – алауыздықта.

Осыдан 3 ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туған елге перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз.

Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын!

Алдымен, алдыңғы толқын – аға буын!

Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді.

Ортаңғы буын отандастарым!

Сіздердің еншілеріңізге алып империяның күйреп, жас, тәуелсіз мемлекеттің түлеген кезеңі дөп келді. Сіздердің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз – қиындықтардан қыңбай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына.

Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда.

Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш. Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.

Мен ХХІ-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

 

 

 

 

– Біз тәуелсіз елміз. Мақсат-мүддеміз – тәуелсіздігімізді мәңгі сақтау. Ол үшін не істеу керек? Ұлттық рухымызды асқақтатып, әдет-ғұрып пен салтымызды сақтауымыз қажет. Оның барлығының өзегі не? Мемлекеттік тіл! Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады . Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деп атап көрсеткені бекер емес. Шын мәнінде, бай тілі, бай жері, даласындай дарқандығы бар, сонша этностың өкілдерін бауырына басып, қамқорлық көрсетіп отырған қазақтың «Мәңгілік ел» атануының мәні үлкен. Біздің бар бақытымыз да осы. Тәуелсіздіктің іргесін қалаған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының жарқын бастамаларының баянды боларына сенетін адаммын. Демек, Президент жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» болудың өзегі мемлекеттік тілдің баянды болуында жатыр. Өйткені қазақтың тілі – қарым-қатынас құралы. Елбасы айтқандай, «Бабалардың ерлігі, жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастықты», мәдениетті де, әдебиетті де жалғастыратын» да қазақтың тілі. Тіл – ұлттың ең құнды дүниесі. Себебі тас мұқалады, темір тозады, адам өмірден озады, ал ұлттың құндылығын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын таңдайдағы тіл ғана. Сондықтан тәуелсіздігіміздің тірегі де, жаршысы да – тіл. Демек, мемлекетіміздің «Қазақ елі, яғни «Мәңгілік ел» ел боларына мен өте сенемін.

 

Астанада «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы бар. Ол композиция дизайнер Сағындық Жанболатов пен жас сәулетші Қанат Қорғанов ұсынған жоба бойынша салынды. Ал Қазақстан тәуелсіздігінің торқалы тойының құрметіне айшықты сәулет нысанын салу идеясы Ұлт көшбасшысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені баршаға мәлім.

Дизайнер Сағындық Жанболатовтың пікірінше, «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. «Мәңгілік ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді» дейді ол.

…Біз осылай болашаққа көз тігіп, «Мәңгілік ел» болуды мұрат етіп отырмыз.. Әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз қажет. Мұның мәні де – осы.

 

 

 

 

 

 

 

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. «Мәңгілік ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді» дейді ол.

…Біз осылай болашаққа көз тігіп, «Мәңгілік ел» болуды мұрат етіп отырмыз.. Әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз қажет. Мұның мәні де – осы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан)

 

Асылы ОСМАНОВА, «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық ұйымының төрайымы:

 

 

– Біз тәуелсіз елміз. Мақсат-мүддеміз – тәуелсіздігімізді мәңгі сақтау. Ол үшін не істеу керек? Ұлттық рухымызды асқақтатып, әдет-ғұрып пен салтымызды сақтауымыз қажет. Оның барлығының өзегі не? Мемлекеттік тіл! Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады . Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деп атап көрсеткені бекер емес. Шын мәнінде, бай тілі, бай жері, даласындай дарқандығы бар, сонша этностың өкілдерін бауырына басып, қамқорлық көрсетіп отырған қазақтың «Мәңгілік ел» атануының мәні үлкен. Біздің бар бақытымыз да осы. Тәуелсіздіктің іргесін қалаған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының жарқын бастамаларының баянды боларына сенетін адаммын. Демек, Президент жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» болудың өзегі мемлекеттік тілдің баянды болуында жатыр. Өйткені қазақтың тілі – қарым-қатынас құралы. Елбасы айтқандай, «Бабалардың ерлігі, жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастықты», мәдениетті де, әдебиетті де жалғастыратын» да қазақтың тілі. Тіл – ұлттың ең құнды дүниесі. Себебі тас мұқалады, темір тозады, адам өмірден озады, ал ұлттың құндылығын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын таңдайдағы тіл ғана. Сондықтан тәуелсіздігіміздің тірегі де, жаршысы да – тіл. Демек, мемлекетіміздің «Қазақ елі, яғни «Мәңгілік ел» ел боларына мен өте сенемін.

 

Бақытжан САТЕРШИНОВ, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы:

 

 

– Бұл Жолдау бүгінгі күні тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін, елдің тұтастығы үшін, дербес мемлекетіміз бен қоғамымыздың келешек дамуы үшін ұлттық саясаттың стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын бірден-бір мемлекеттік маңызды құжат болып тұр.

«Біз «Мәңгілік ел» боламыз» дегенде Президент ұлттың тарихи сана мәселесін күн тәртібінің алдыңғы қатарына шығарып отыр. Әлеуметтік-мәдени еспен сипатталатын тарихи жады немесе тарихи сана неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда қоғам да рухани бай болады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын жүгі екендігі рас. Алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне тереңірек енген сайын адамның өмірлік және азаматтық ұстанымы да айқындала түседі. Тарихи білім адамның ғылыми дүниетанымының қалыптасуына, оның бойында адамгершілік мұраттардың егілуіне ықпал етеді. Отанға сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан тұту патриотизм деп аталатын сезімдердің құйылысын тудырады.

Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма шақты жылдың ішінде Қазақстан отаршылдық пен тоталитаризм салдарынан болған рухани күйзелісті еңсеріп қана қоймай, қалыптасудың жаңа кезеңіне қадам басты. Дегенмен Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастырып, шынайы еркіндікке қол жеткізу мен «Мәңгілік ел» құруға ұмтылуы бүгінгі жаhанданудың қатаң бәсекелестігі жағдайында саяси, әлеуметтік-экономикалық дербестікпен қатар, рухани тәуелсіздікке ие болуды да қажет етеді. Бұл үшін ұлт тәрізді күрделі жүйенің қалыпты өмір қамын қамтамасыз ететін төлтума тарих пен мәдениеттің өзегін құрайтын ұлттық дүниетанымды, рухани қайнарларды қайта қалпына келтіру арқылы қоғамның өзіндік тарихи санасын қалыптастыру керек. Тарих өткен шақпен, адами жадымен және әлеуметтік еспен байланысты болғандықтан, бұған төл тарихты тану арқылы қол жеткізуге болады. Яғни ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды – адамдарды рухани тұрғыда оятатын ана тілі мен дәстүрді жаңғыртумен қатар, халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи өзіндік сананы қалыптастыру тәуелсіздіктің рухани тұғырын құрайды.

 

Құбаш Сағидоллаұлы, саясаттанушы:

 

– Елбасының «Қазақстан- 2050» Жолдауында көтерілген «Мәңгілік ел» ұғымының пәлсапалық-саяси түп негіздері сонау сақ, ғұн, түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгі елден» іздейді. Оның «Күлтегін мәтініндегі «мәңгі ел» сөзі мемлекет атауынан гөрі қағанатты құрушы халықтың идеологиялық ұстанымына келіңкірейді. Ал Шыңғыс хан баяғыдан келе жатқан «мәңгі ел» арман-идеологиясының атымен мемлекетін «Мәңгі ел» деп жариялады» деген ойында қисын бар сияқты. Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды деп санаймын. Осындай «мәңгілік ел» идеясы алпауыттардан құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» деп Президенттің Жолдауында айтылып отыр. Даңқты өткен тарихымызда «мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған. Мәселен, алып елдермен тең дәрежеде әріптестікте болу, сауда-саттық  жасау, Ұлы Жібек жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет құру, адамгершілік пен көпшілдікті, дарқандықты, ақжүректіктікті ту еткен елдік қасиеттер «мәңгілік ел» қағидаттары болып саналған.

Бүгінгі жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы бағзы түркілік тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың тарихи мүмкіндігі туып отыр. Демек, халықаралық қауымдастықта мәмілегерлік, бейбітсүйгіш қырымен танылған тәуелсіз Қазақстанның әлі де ешкім мән бере қоймаған, толық іске қосылмаған әлеуеті бар деп білемін. Демек, «Мәңгі ел» идеясы – ұлттық кодымыздың кілті.

 

*  *  *

Астанада «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы бар. Ол композиция дизайнер Сағындық Жанболатов пен жас сәулетші Қанат Қорғанов ұсынған жоба бойынша салынды. Ал Қазақстан тәуелсіздігінің торқалы тойының құрметіне айшықты сәулет нысанын салу идеясы Ұлт көшбасшысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені баршаға мәлім.

Дизайнер Сағындық Жанболатовтың пікірінше, «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. «Мәңгілік ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді» дейді ол.

…Біз осылай болашаққа көз тігіп, «Мәңгілік ел» болуды мұрат етіп отырмыз.. Әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз қажет. Мұның мәні де – осы.

Return to Top ▲Return to Top ▲