Алланың бар екендігі мен даралығын біліп растау – ең үлкен парыз. Осыдан кейінгі парыздардың ең үлкені және ең маңыздысы – намаз. Намаз – жүректің нұры, рухтың күші, мұсылманның кереметі. Намаз – сөздікте «дұға ету», «жақсы дұға ету» деген мағынаны білдіреді. Алла Тағала Құранда: «Оларға дұға ет. Сенің дұғаң оларға рақымшылдық», – дейді. Шариғатта намаз – тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, ерекше қимыл-қозғалыстар мен сөздерден тұратын ғажайып ғибадат.
muftiyat.kz