«Қызылжар» орталық мешітінде құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтау және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен түскен сұрақтарға жауап беру мақсатында жиналыс өтті. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілі, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Дүйсенбай құрбан айт мейрамының мән-мақсатын түсіндіріп , шығу тарихы, малдың қай түрлері және қалай шалыну керек, айт күні құрбан шалудан басқа жасалатын амалдар сыны сұрақтарға жауап берді. Өкіл имам құрбандық шалынатын жердің тазалығы мен тәртібіне ерекше мән беріп, ысрапшылдыққа жол бермеуді жауапты имамдарға тапсырды. Келесі кезекте айт күні өткізілетін іс-шаралар нақтыланып, имамдардың ұсыныс-пікірлері талқыланды.
Жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға барынша көмек көрсету тапсырылды.