СҚО-да “Ауызашар қоржыны” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. «Зекет және қайырымдылық» қорының өңір бойынша өкілдігі мен «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының алғашқы күнінде 100-ден астам мұқтаж жанға ауызашар қоржыны берілді. Ас орталық мешітте әзірленді. Ауызашар берудің артықшылығында ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: “Ораза ұстағанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, ұстаушының сауабы кемітілмейді», – деді.