БАС МҮФТИ ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Тамыз 24th, 2011

Алматыда қарттар үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі Әбсаттар Дербісәлі ауызашар берді. Айлардың сұлтаны Рамазан айы әрбір мұсылманға игі істермен көрінуге мүмкіндік береді. Бұл айда жасалған жақсылықтар басқа айлардан он есе көп сауаппен қайтады. Діни басқарма осындай қайырымдылық шараларын жыл сайын өткізіп келеді.

Ардагерлер үйінде 320 дай қартар тұрып жатыр. Оның елу шақтысы мұсылмандар. Қарилар мен кейуаналарға уағыз айтылып ауызашар дастарханы жайылды. Бас мүфти осы айда барлық қазақстандықтарды ауызашар беріп жаны жабырқап көмекке мұқтаж жандарға демеу болуға шақырды.

Әбсаттар Дербісәлі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

Осыны көп отандастарыма айтамын. Осы айда көп жақсылықтар жасау жарасады. Игі істер жасайтын ай.

Ауызашар видео

Шыңғыс Кіребай
www.kaztrk.kz

ТҮРКИЯДА «ТӨТЕНШЕ» ЖИЫН ӨТТІ

Тамыз 24th, 2011

Ыстамбулда Ислам ынтымақтастық ұйымы атқарушы комитетінің министрлер деңгейіндегі төтенше жиыны өтті. Оған аталған ұйымның бас хатшысы Э.Ихсаноглу, Сомали президенті Ш.Ахмед, Түркия премьер-министрі Р.Ердоған, сонымен қатар осы ұйымға мүше елдердің министрлері қатысты.

Төтенше жиынның мақсаты белгілі, аштыққа ұшырап жатқан Сомали халқына тез арада жәрдем беру. Өйткені жедел көмек берілмесе, қазіргі таңда Сомали қиын жағдайда қалып отыр.

Аталған жиында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов сөз сөйледі.

– Африка мүйісіндегі бірқатар аумақтарда қуаңшылықтың салдарынан азық-түлік тапшылығы орын алуда. «60 жылдың ішіндегі ең ауыры» болып есептелетін бұл қуаңшылық Сомалиде, Эфиопияда және Кенияда байқалып тұр. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, 12 миллионнан астам халықтың тіршілігіне қауіп төнуде. Африка мүйісі маңайындағы және ондағы елдер, соның ішінде Джибути, Судан, Оңтүстік Судан елдері және Уганданың бірқатар бөлігі, азық-түлік тапшылығына ұшырып отыр.

Бірақ ең күрделі жағдай Сомалиде орын алып, оның оңтүстігіндегі 2, 8 млн халық аштықты, қиыншылықты бастан кешіруде. Алдағы айларда әлемде дағдарыс қиындай түседі деген болжам бар. Кең ауқымды деңгейде көмек көрсету әрекеті кем дегенде 2011 жылдың желтоқсан айына дейін қажет етеді. Сондықтан аталған елдің халқын аман алып қалу біздің ұйымның жауапкершілігі деп білемін. Астанада өткен ИЫҰ-ның министрлік кездесуінде Сомалидегі жағдайға қатысты жағдайды шешу және осы елге арналған Сенім қорын құру туралы ИЫҰ екі дербес қарар қабылдағаны белгілі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мүше мемлекеттерге ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі бойынша қауырт көмек көрсету мен қуаңшылыққа қарсы ұзақ мерзімді қор құруды ұсынған болатын. Біздің еліміз қасиетті Рамазан айында Бас хатшының Сомалидегі ашаршылыққа ұшырап жатқан халыққа көмек көрсетуге кең ауқымда атсалысу жөніндегі ұсынысын үлкен ықыласпен қолдады. Бұл – ислам тілектестігінің ізгі көрінісі. Біздің кездесуіміздің мақсаты -мүше мемлекеттерді гуманитарлық операцияға іс жүзінде көмек көрсетуге ынталандыру болды. Сонымен бірге, ИЫҰ мүше мемлекеттердің үкіметтеріне, мемлекеттік емес ұйымдарына және қарапайым халыққа Сомалидегі қуаңшылыққа ұшырағандарға нақты және үлкен көмек көрсеткендері үшін зор алғысымды айтқым келеді. Сөзімді аяқтай келе, ИЫҰ СІМК төрағасы ретінде, біздің Сомалимен бірге тілектестігімізді көрсететін ортақ күш-жігерімізде бас қосуға мүмкіншілік берген осы маңызды кездесуді уақтылы ұйымдастырғаны үшін Түркия үкіметіне жоғары баға бере отырып, жеке түрде жоғары мәртебелі Ресеп Тайп Ердоган мырзаға және Ахмет Давутоғлу мырзаға ризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов.

Кездесудің нәтижесі бойынша аталған елдің берекелі болашағын құру жөніндегі міндеттемелерді айқындайтын қорытынды коммюнике қабылданды.

Қазіргі таңда Сомалиге Сауд Арабиясы 60 миллион, Түркия 37,7, Иран 25, Кувейт 10 миллион доллар аудару жөнінде шешім қабылдады. Ал Судан 100 мың доллар, Қазақстан 500 мың доллардай көмек көрсетпек.

Еркін ҚАЛДАН

www.aikyn.kz

Әмина Мослер ханым: Бүкіл жақсы нәрселерді христиан дінінен емес, мұсылман дінінен таптым

Тамыз 20th, 2011


Ұлымның Жаратушы және жаратылыс жөніндегі сұрақтарына жауап таба алмай қиналатынмын. Ол менен: «Анашым, Құдай не үшін үшеу?» деп сұрайтын, өзім де «осы Тәңір неге үшеу» деп, таң қалатын едім. Бір күні анағұрлым ержетіп қалған ұлым алдыма жылап келіп: «Анашым, мен мұсылман дінін тексердім. Мұсылмандар жалғыз Тәңірге сиынады. Олардың діні ең тура дін. Мен мұсылман болуға ниет еттім. Сіз де маған еріңіз!» деп жалына бастады.

Оның талабына байланысты мен де Ислам дінін үйренуге кірістім. Берлиннің орталық мешітіне бардым. Мешіттің имамы мені өте жақсы қабыл етіп, Ислам дінінің негіздері туралы мағлұмат берді. Ол түсіндірген сайын сөздерінің нендей тура және қисындылығын байқадым.

Сол себепті, мен де ұлыма ұқсап Ислам дінінің хақ дін екендігіне сендім. Мен жас кезімде түсіне алмаған және ақылыма еш симаған «Үш Тәңір» ақидасын Ислам діні түгелдей бекер етіп жіберді. Мұсылмангершілікті терең зерттегенімнен соң, күнәні шығару, Папаны күнәсіз, айыпсыз бір кешіруші сипатында қабыл ету, вафтиз (яғни, күнә істемеуші) және осыған ұқсас бірнеше рәсімдердің қаншалық мағынасыз, бекер және зиянды екенін түсіндім және де бүкіл бұл қисынсыз әдет ғұрыптарды тастап, жалғыз хақ дін болған Ислам дінін қабылдадым.

Ата бабаларымның барлығы фанатик христиан болған. Өз басым католик ғибадатханансында бойжетіп толық христиан дінінде тәрбиеленгенмін. Бұл діни тәрбие мені Алла Тағалаға жетектеуші хақ дінді таңдауыма жәрдем берді. Өйткені тәрбие кезінде маған үйретілген бүкіл жақсы нәрселерді христиан дінінен емес, мұсылман дінінен таптым. Ислам дінін қабыл ету мен үшін үлкен бір бақыт және абырой.

Бүгін әже болып немерелерімнің дүниеге мұсылман болып келіп жатқанынан өте бақыттымын. Біліп тұрмын, Алла Тағала Өзі тура жолға бастаған пенделеріне әрдайым жетекшілік етеді.

 

www.namys.kz

Рамазан – рақмет айы

Тамыз 20th, 2011

Рамазан – адамзатқа тура жолды нұсқаушы, жақсылық пен жамандықты үйретуші, Аллаһтың адам баласына түсірген соңғы кітабы Құран кәрім түсірілген ай. Аллаһ Тағала Құранда бұл жайлы:«Рамазан – адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген ай. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал, кім науқас, яки сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Аллаһ тағала сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаһқа шүкіршілік етулерің үшін санын толықтырыңдар. Әрі Аллаһты ұлықтаңдар»,-деп әмір етеді (Бақара сүресі, 183-185 аяттар).

Ислам діні бес парызының бірі – Рамазан айында ораза тұту. Рамазан оразасын балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс, әрбір ер және әйел мұсылман баласына ұстау парыз.

Бұл жайлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Ислам бес аныққа негізделген: Аллаһтан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Оның елшісі; намаз оқу; зекет беру; Аллаһтың үйіне қажылық ету; рамазанда ораза тұту»,-деген (сахих Муслим, 1/45).

Ал, рамазан айы кезінде науқастанған кісіге ауруынан айыққан соң және жолға шыққан кісіге сапардан оралғаннан кейін оразасының өтеуін тұтып беру міндет. Алайда, жолаушы кісі қиналмаса сапарда жүріп те ораза ұстауына болады.

Аллаһ Тағала Құран кәрімде: «Ей, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз болды. Әрине сақсынарсыңдар. Санаулы күндерде. Оразада сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін».

Ораза (арабша – саум) сөзінің тілдік мағынасы: бүтіндей тыйылу, өзін тию. Шариғи-терминдік мағынасы: ниет ете отырып, тамақ жеуден, сусын ішуден және жыныстық қатынасқа түсуден таң атқаннан күн батқанға дейін өзін тию. Сонымен қатар әйелдерге қатысты шарты бойы етеккір немесе босану қанынан таза болу.

Ал, қарттық жеңіп, мүлде ораза тұта алмайтын дәрежеге жеткен мұсылманға және денсаулығы тәулік бойы сусыз және тамақсыз жүруге мүмкіндік бермейтін кісіге фидя төлемін берумен міндетінен құтылады. Фидя – міскін мұсылманға күніне екі рет тамақ беру. Фидяны күнде беріп отырса да, яки бір мезгілде алпыс міскінге тамақ беріп құтылса да болады.

Бұл жөнінде Құранда: «…Және оразаға (кәрілігіне немесе денсаулығына байланысты) шамасы келмейтіндер бір міскіннің тамағын төлесін. Ал, кім ынтығып артық хайыр етсе, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы…»,-деп әмір етілген.

Оразаның тәнге және жанға берер пайдасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) риуаят етеді: Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Қайсыбір пенде Аллаһ жолында (разылығы үшін) ораза тұтар болса Аллаһ ол пенденің дидарын тозақтан жетпіс жыл қашықтыққа алыстатады»,-деген (Бухари, 2840; Муслим, 1153).

Саһл бин Сағд (р.а.) пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Жәннаттың Раиян деп аталатын есігі бар. Қиямет күні одан ораза тұтқандар кіреді. Олардан басқа ешкім де ол есіктен кірмейді. Сол шақта: ораза тұтқандар қайда?,-деп жар салынады да ол есіктен ораза ұстағандар кіреді, олардан кейін ешкім кірмейді. Олар кіріп болған соң, есік жабылады, ол есіктен ешбір жан кейін кірмейді»,-деген хадис жеткізген (бірауыздан келісілген хадис).

Әбу Һурайра (р.а.) Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Аллаһ Тағала: Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін. Расында ораза Менің разылығым үшін, оның сауабын өзім беремін. Ораза – қалқан,-дейді. Сендердің бірің ораза тұтсаңдар жаман іс жасамаңдар, жаман сөз айтпаңдар. Егер біреу сөксе немесе қол көтерсе: Мен оразамын,-деп айтыңдар. Мұхаммедтің жаны билігінде болған Аллаһтың атымен ант етемін, ораза тұтқан кісі аузының иісі Аллаһ құзырында миск иісінен де жақсы (жұпар). Ораза тұтқанға екі қуаныш бар: бірі аузын ашқанда нәр татқаны үшін қуанады. Екіншісі Раббысымен қауышқанда ораза тұтқаны үшін қуанады»,-деген хадисін риуаят еткен (Бухари және Муслим).

Тағы бір риуаятта: «Менің разылығым үшін тағамын, сусынын және шәһуатін тәрік етеді. Ораза менің разылығым үшін, оның сауабын Мен беремін. Сауап он есе»,-деп айтылған.

Оразаның рухани пайдасы

Ораза адам баласын жұмсақтық пен мейірімділікке және бауырмалдылық пен сабырлыққа тәрбиелейтін ғибадат. Термизи кітабында: «Ораза – сабырлықтың жартысы» деп айтылса, Ибн Масуд (р.а.) «Сабырлық – иманның жартысы»,-деген хадис жеткізген. Ораза кісі мінезіне мін келтіретін барлық жаман әдеттен айықтыратын ғибадат.

Бұл жайлы қос имам Бухари және Муслим еңбектерінде: «Расында шайтан адам баласының қан тамырымен жүреді. Оның жолын аштықпен (оразамен) тарылтыңдар»,-деген хадис бар.

Ораза сауабы есепсіз құлшылық. Сонымен қатар ораза ұстаған кісі әдепсіз әрекет пен сөзден сақ болғаны абзал. Әбу Һурайра (р.а.) пайғамбарымыздан (с.а.у.) мынадай хадис-қудси жеткізеді: «Аллаһ Тағала: Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Ораза Менің разылығым үшін. Оразаның сауабын Мен беремін. Ораза (жамандықтан сақтайтын) қалқан. Егер ораза тұтар болсаңдар жаман сөз, жаман іс жасаушы болмаңдар. Ал, біреу сендерге тіл тигізсе немесе қол көтерсе: мен ораза тұтқан адаммын,-десін,-дейді» (имам Бухари мен имам Муслим).

Ораза тұтқанға мән беретін алты сүннет амал бар, олар: сәресіні кешіктіру, ауыз ашуды тездету және ауызды су немесе құрмамен ашу, күн шыққаннан кейін тіс тазалауды тоқтату, рамазан айында жомарттық таныту, құран үйрену және жаттау, мешітте иғтикафқа отыру.

Пайғамбар (с.а.у.) хадисінде: «Ораз тұтқан кісі үшін екі қуаныш бар: ауыз ашар уақытында және Раббысымен кездескен кезде. Ораза тұтқан кісі аузының иісі Аллаһ құзырында қош иісті мисктен артық»,-делінген.

Сондай-ақ, ораза толыққанды болуы үшін мына әдептерді орындау қажет:

Бірінші: көзді шариғат тыйым салған нәрсеге салмау, мұны көз оразасы дейді. Бұл жайлы пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Тыйым етілген нәрсеге қарау шайтанның улы жебелерінің бірі. Кімде-кім мұндайға қараудан Аллаһтан қорқып тиылатын болса, Аллаһ оған жүрегіне шынайы иман береді»,-дейді (Хаким хадисі).

Екінші: тілді жаман сөзден, өсек пен ғайбаттан тию, мұны тіл оразасы дейді. Атақты табиғин Суфиян Саури: ғайбат оразаны бұзады,-десе, Мужаһид: екі жаман нәрсе оразаны бұзады: ғайбат пен өтірік сөз,-деген.

Үшінші: құлақты ғайбаттан, өсектен сақтау. Мұны құлақ оразасы дейді.

Төртінші: басқа да дене мүшелерді жаман іс-әрекеттен сақтау. Бұған қатысты пайғамбарымыздың (с.а.у.): «қаншама ораза тұтушылардың ұстаған оразасынан алары тек аш жүргені мен шөлдегені ғана»,-дейді (Әбу Һурайра риуаяты, Ибн Мажаһ еңбегінде көрсетілген). Яғни, кісі тамақ жемей, сусын ішпей жүргенімен жаман сөзден, жаман іс-әрекеттен өзін тыймаса оразаның пайдасы мен сауабынан мақұрым қалады.

Бесінші: кешкісін ауыз ашқанда тым тойып тамақ жемеу. Тәулік бойы нәр тартпаған кісі бірден тойып тамақтануы денсаулығына өте зиян. Күні бойы бос тұрған асқазан бара-бара жиырылып кішірейе түседі, сондықтан кешке ауызашарда орташа тамақ қабылдау асқазанға да және ас қорыту жүйесіне де пайдалы.

Оразаның медициналық пайдасы

Көпшілік адамда оразаның денсаулыққа кері әсері бар деген ой қалыптасқан. Ондай адамдар өз организміне жанармайсыз жүрмеймін машина іспетті қарайды. Олар тәулігіне үш мезгіл тамақтану өмірін сақтаудағы аса қажетті іс, сондай-ақ күндік тамақтың бірін жемеу денсаулыққа тіпті адам өміріне аса қауіпті деп сенеді. Бұл оразаның болмысын білмегендіктен және оның пайдасын түсінбегендіктен болар. Ендеше оразаның пайдасын ғылыми тұрғыдан түсіндіруге тырысып көрейік.

Аллаһ Тағала оразаны бізге және бізден алдынғы барлық үмбеттерге де парыз еткендігін, сонымен қатар біз ораза тұту арқылы күнә мен қателіктен аман болуымыз үшін имани тақуалыққа жетуіміз және көптеген рухани және тәндік сырқат пен аурулардан сақтануымыз үшін парыз еткендігін баян етеді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ораза – қалқан» яғни, сақтаушы және перде,-деген (Муслим және Ахмед риуаяты).

Медициналық зерттеулер барысында оразаның көптеген дерттерге пайдасы анықталған.

1. Ораза иммундық жүйені күшейтеді. Осылайша көптеген сырқаттардан сақтайды. Өйткені ораза лимфалық жасушалардың функционалдық көрсеткішін он есеге жақсартады. Сондай-ақ, иммундық түрге жауап беретін жасушалар санының артуынада себеп болады.

2. Семіздік және оның салдарынан сақтайды. Әдетте семіздікке ас қорыту жүйесіндегі ақау себеп болатыны мәлім. Кейде, қоршаған ортаның, жан күйзелісінің және қоғамдық қысымның да септігі тиеді. Аталған факторлар да семіздік дертіне шалдығуға себеп болады. Жан күйзелісі салдарынан ас қорыту нашарлай түседі. Семіздікті тудыратын бұл факторлардың барлығынан ораза арқылы қорғануға болады. Өйткені, ораза тұтушыны қоршайтын имани атмосфера жан тыныштығын және ақыл-ойдың тынығуын қамтамасыз етеді. Себебі, ораза уақытында кісі көп құлшылық және Аллаһтың есімін айтып зікір жасап, құран оқиды. Сондай-ақ ашу мен шиеленістен өзін алыс ұстап, құштарлықтары мен қалауларын реттеп және денесі мен рухының барлық күш-жігерін пайдалы және оңды бағытқа салады.

3. Ораза бауырда тастардың жиналуынан сақтайды. Қан құрамында натрий реттегішін көтеріп кальций тұздарының кристаллдануына кедергі жасайды. Сонымен қатар қуық жолдарында зәр тұздарының отыруынан сақтайды.

4. Ораза денедегі жасушаларға тұрып қалатын қатерлі улағыш заттардан қорғайды. Мұндай улағыш заттар жыл бойы үздіксіз тамақтаудан, әсіресе консервленген және жартылай фабрикатты тағамдарды қолдану, дәрі-дәрмек ішу және ластанған ауа салдарынан жиналады.

5. Ораза жыныстық құштарлықты басып, реттейді. Әсіресе, жастардың жыныстық құштарлығын тізгіндейді. Осылайша денені физиологиялық және психологиялық күйзелістен және жаман жүрістен қорғайды. Міне, бұл пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде былайша баян етілген: «Ей, жастар шама-шарқыларың жетсе үйленіңдер. Үйлену көзді (күнәға қараудан) сақтайды және жыныстық мүшеге (күнә жасаудан) жақсы. Ал, кімнің шама-шарқы жетпесе ораза тұтсын. Ораза жыныстық қалауды басады».

Ал, ұзақ уақыт тағам мен сусынды орташа қолдана отырып, үйреншікті күш жұмсап отырып ораза тұту мүлдем тағам жемей, сусын ішпейтін, қарапайым ашығуға жақын екені анықталды. Алайда, ораза жастардың толқып тұрған құштарлығын басып, сонымен қатар ашығу салдарынан туындайтын ауруларды болдырмайтындығын қазіргі медицина растап отыр.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Адам баласының барлық амалына еселеп сауап беріледі. Сауап он еседен жеті жүзге дейін болмақ. Аллаһ Тағала: тек оразаның сауабы ондай емес. Расында ораза Менің разылығым үшін, оның сауабын Өзім беремін. Ораза тұтушы құмарлығынан және ас-суынан Менің разылығым үшін тыйылады,-дейді.» (имам Муслим).

Аллаһ Тағала разылығы үшін, өзінің мұсылмандық міндетін мойындап, құлшылық парызын өтеуге ниет еткен барлық мұсылман бауырларымызға рамазан айы оразасын аман-есен тұтып, Тәңірдің өзі уәде еткен сауабына ие болып, шаңырағы шаттыққа толуына, Бір Жаратқанның өзі жар болғай.

Руслан Қамбаров,

“Садуақас Ғылмани” мешітінің нәиб имамы

Жетімге құрмет және жетімнің малын жемеу

Тамыз 14th, 2011

Осы әлемді жаратқан Аллаһқа шүкір. Аллаһтың Елшісі Мұхаммед (с.а.у) сәлем және. салауат болсын.

Жетімді құрметтеу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: Еңжақсы үй жетімге жақсы қараған үй. Ең жаман үй жетімге дұрыс қарамаған үй деген.

Пайғамбарымыз айтқан осы сөзден ақ біле білсек болады ғой, жетім жақсы қарап, хахын жемей, малын тртып алмай ақ болады ғой. Жетімді көшедегі лақтырын бала демей, өз балаларымыз дай көрсек ағайын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадйсінде:

“Жетімнің басын сипасаң әр тал шашындай сауап аласын” деді. Біз адамдар осы үлгі тұтар хадйске амал етіп жатырмызба.Неге біз жас балаларды далада тастауға қалай күшіміз жетеді баурлар.

Шет елге шырқыратып сатылып жатқан бауырлар. Жетімді көз жасын ағызып қоямыз ба. Ол жерге барғаннан кейін ол балалар не істемейді. Ол жерде жаман нәрсе жеп өмір сүріп жатқан бауырларымыз бар ғой. Олар күндіз түні анасын аңсап, елін-жерін сағынып жылайды. Біз неге неге осы шетелге сатылып жатқан балаларды тоқтатпаймыз ба? Осы Қазақстанда да өмір сүріп, күндіз-түні таяқ астында болып, біреудін күні болып еңіреп жатқан жас балалар бар емес пе? Осы туралы Аллаһтың сөзі Құран Кәримде былай дейді:Жетімді қайғыртпа(Жетімді қорлама) дейді.

Пайғамбарымызға (с.а.у) бір қатал жүректі адам туралы арыз айтады. Аллаһ Елшісі сол кісінің қаталдығына ем болар деп былай хабар жібереді:Жетім жесірдің басынан сипап, пахырлароды тойғызындар.- деп хабар жіберген болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде былай дейді:Кім де кім қолындағы жетімге жақсы қараса, ол және мен жәннәтта бірге боламыз.Қолыңдағы жетімге жақсы қарасаң Пайғамбармен бірге болсаң қандай рахат емес пе? Пайғамбарымыз (с.а.у) дүниеге жетім болып келумен жетімдік(жетім болу,бұл дүниеге және ақыретте ұлылық пен мәртебеге ие болды). Ақын Мехмед Аслан жолдарында жетімнің қандай жақсы сүреттеген.

Жетімнің иесі ұлы Аллаһ,
Жетімді ренжіту ол күнә…
Жетімді күшсіз деп ойлама,
Жетімнің көз жасы ол қару,

Осы өлеңнен біле білсек болады ғой жетімді біз күшсіз демейік, сол жетімнің күні қалай түскенің білмейміз ғой сол үшін жетімнің малын жеу хақын жеу ол Аллаһты ұмыту деген сөз, пікір тудырады.

Сондықтан өз балаларымыз сияқты жетімдер бізгек Аллаһтан аманат етті. Яғни өз балаларымызды бағып қаққандай оларды да бағуға тиіспіз. Өйткені бұл балалардың әкесі де анасы да бізбіз.

Аллаһтың аяты болған:Жетімді қайғыртпа деген осы нәрсе екі нәрсеге тиым салатынын білдім:Біріншісі жетімді әлсіз санау,қорламау:Екіншісі оның хахын және құқығын аяқ асты етпестен оған мән беру керек екендігін білдім.

Омар (р.а) риуаят етуі бойынша:Жетімнің жылаған Рахманның аршы селкінеді.Ұлы Аллаһ періштелеріне былай бұйырыпты:Ей періштелерім!Әкесінен айырылған мына жетімді жылатқан кім? Сонда періштелер: Ей Раббым! Ең жақсы білетін сенсің! – деді.Ұлы Аллаһ былай дейді:Куә болыңыз, егер кімде-кім осы жылағаның тоқтатып, разы қылса, менде оны қиямет күніразы етуіне кепілдік беремін.-деген.

Осыған байланысты, мына оқиғаны тілге тиек ете көрсек, әсері болар деймін.

Бір бала әке шешесінен айрылып, әжесінің қолында өседі. Бір күні әжесі қайтыс болып, Абылай жетімдер үйіне түседі.Сол жетімдер үйінде Абылайға «Аба» деген лақабат қояды. Абылайды бір жыл бітпес бұрын шетелге сатып жібереді. Сол сатып жіберген адам жол апатынан қайтыс болады.

Абылай шетелде ит күнін көріп, күн кешеді.Күн болып, анасын сағынып, ойлап жылайды да еңіреп туысқандарын аңсайды.Арадан бір жыл өтеді, Абылай қатты науқас болады.

Қазақстандық бір кісі жұмысымен келіп, Абылай жатқан ауруханаға барып қалады.Абылайға көзі түсіп, Абылаймен сұхбаттасады. Бұл жерде ит күнін көріп жүргенін біліп, Абылайды алып кетуге бел буады.Абылайды еліне алып келген соң емдетуге шешім қабылдайды. Бірақ ары-бері жүріп оған шипа таба алмайды.Арадан бір ай өткен соң Абылай көз жұмар алдында бір сөз айтады:

– Сіз ананызды тастамаңыз, анадан ардақты ешкім жоқ. Ананы ақшаға тенеуге болмайды және баланызды көшеге тастамаңыз. Өйткені балаңыз өскенде сіздің арқа сүйер жанашырыңыз, абыройыңыз.Осы сөзімді ұмытпаңыз! – деп дүниеден көз жұмады.

Осы баланың өмірінен білсек болады ғой.Осы Абылайға көмектескен кісі өте жақсы, қайырымды іс жасады. Біз де осындай қайрымды іс жасасақ болады емес пе. Аллаһ Тағала осындай істерді жасап жүрген кіслерге разы блып, шапағатына бөлесін.

Жетім десек көз алдымызға көшедегі, лақтырын бала келеді.Ол жетімде, бір ананың құрсағынан дүниеге келген.Жетім біздің әке-шешемізді көрсе, өз анасын сағынып,аңсап, ал бізді анамыздың алдында ойнап жүргенімізді көріп қызығып, анасының құрсағында ойнап бізге анасын көрсетіп менде де ана бар дегісі келеді.

Сол жетімдерді жылатпаяақ, анасын аңсатпаяқ өз әке-шешеміз оларға біз сиақты қарап, аймалап, әлпештеп,еркелетіп өсірсе екен.

Сол жетім, жетімдікті қалады ма?
Ол сынау Аллаһтың ол үшін де біз үшін де.

Аллаһ бізді сынайды осы менен, сол үшін Аллаһтың рызығын алу үшін, жетімдерді қорламайық.

Жетім бұл дүниеге Аллаһтың нұры болып келіп қалды!
Сол жетімнің нұрын сөндірмейік, қорламайық,
Ей адамдар жетімдерді қастерлейік, қадірлейік, Аллаһтың рұрына бөленейік.
Жетім Аллаһтың нұры.Жетімді Пайғамбарда қатты, ардақ тұтқан.
Жетімдерді жылатпа елім жылатпа,
Итерме өрден құзға қарай құлатпа.
Қайтесің енді қасқайған қара бауырым!
Шыдашы тағы шыдай түс қарғам тағатта.
Жетімнің күні, жетімнің үні есімде,
Самғайды олар ақиқаттың күнінде,
Сөздері алау, көздері қару олардың.
Құштарлығы көп әлі көп нәрсені білуге,
Жақсылар жетім, бауырларым дейді.
Қолдасын дейміз, оларды тек Алла,
Махаббатпен пәктікке баурап алыңдар,
Сәулесі биік, арайлы асқақ тұлға.

 

Ғани Сүндетқожа

Return to Top ▲Return to Top ▲