Құранның төртінші аудармасы жарық көрді

Маусым 1st, 2011

Құранның бұл жолғы аудармасы өте ерекше болды. Әр пара қазақтың оюларымен ерекшеленген, барлық беттері тіпті сырттары да қазақша оюмен безендірген. Алғашында өзбек тілінен аударылған бұл Құран кітаптың алдыңғы үлгісі, бұл жолы қайта араб тілінен аударылып шықты. Аудармашы Абсаттар Сманов ағамыз бен қаржылай жағынан да, жалпы қазақша оюмен өрнектеуді ойластырып, осы Құран кітаптың шығуына бірден-бір септігі тиген кісі Диас Мырзақожа ағаларымызға Аллаһ разы болсын дегіміз келеді.


Видео: Өрімталдың блогында жасалған.

www.nurotau.kz

ИСЛАМ БІЛІМІ МЕН МӘДЕНИЕТІН ҚОЛДАУ ҚОРЫ ЕСЕП БЕРДІ

Мамыр 24th, 2011

Елімізде жұмыс істеп жатқан Ислам білімі мен мәдениетін қолдау қоры жастардың тура жолдан таймауына жәрдемдеспек. Бұл туралы бүгін қор басшылары Астанада мәлімдеді. Қазақ Президентінің бастамасымен құрылған бұл қор халқымыздың діни сауатын арттыруға септігін тигізіп, көптеген игі істерді атқарып жүр.

Бір жыл ішінде қор қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде бірнеше басылымды жарыққа шығарды. Сондай-ақ, Исламды кеңінен насихаттайтын кітаптар жазып, мешіттерде тегін таратып жатыр. Ал, «Шәкірт» ислам оқу орнында 400-ге жуық студент білім алып жүр қазір. «Қор қоғамдағы күрмеуі қиын күрделі мәселелерді шешуде септігін тигізеді» – деп есептейді Ардақ Досжан.

Ардақ Досжан, «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» басқармасының төрағасы

Суицид жағынан оны жеке тақырыппен шығарып, Білім министрлігі арқылы, мешіттер арқылы таратамыз. Бұл үлкен, күрделі проблема. Осы жөнінде исламда айтылып өткен нақты пікірлер бар. Біздің мақсат – осы ислам туралы білімізді мұсылмандарға кенінен таратып, жастарға, әйелдерге, ақсақалдарға кеңінен тарату және үгіт насихат жүргізу.

Ләззат Бектас

www.kaztrk.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲