ШЫЛЫМ КЕЛТІРГЕН ШЫҒЫН. 25 МЫҢ АДАМ!

Қараша 30th, 2011


Көк түтін Қазақстанды көгертпей тұр. Темекіні айтамыз. Оның қатерлі екенін білсек те, шылымға құмары қанбайтындардың қатары сиремей тұр. Ал зиянына келсек, темекінің салдарынан жыл сайын республикада 25 мың адам көз жұмады. Бұл туралы Астанада Темекі шегуден бас тартудың бүкіләлемдік күніне орай өткен баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жәмила Баттақова мәлім етті.
Сонда Қазақстанда қанша адам көк түтінге әуес? Ұлттық орталықтың мәліметтеріне сенсек, Қазақстан халқының 27 пайызы, яғни 4 млн 200 мың адам темекі тартады екен. Бұл көрсеткіш 2001 жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғарылаған. Ең алаңдатарлығы, шылымға әуестенушілер арасында әйелдердің қатары күрт артуда. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, бұған дейін темекі тартатын 1 әйелге 5 ер адамнан келсе, қазір бұл көрсеткіш 1/3-ті құрап отыр. Әйелдерді былай қойғанда, енді бұл індет балалар мен жасөспірімдер арасында артып бара жатқаны қауіп тудырады, – дейді Жәмила Баттақова. Жалпы, темекінің салдарынан зиян шегіп жатқандар жетерлік. Ал әлем бойынша жыл сайын 6 миллионға жуық адам көз жұматын көрінеді. Десек те…
Дәрігер мамандар темекі шегу адамзатқа орасан зор қатер тудырып отырғанын айтады. Атап айтар болсақ, өкпенің қатерлі ісігі онкологиялық аурулар арасында бірінші орынға шықты. Анықталғандай, өкпенің қатерлі ісігі темекіні көп шегуден болады екен. Көк түтінді көп жұту көмейдің ісігі мен миокарт инфаркіне, инсультке, түсікке, бедеулікке, пародонтозға, ағзаның және терінің тез қартаюына алып келеді, сонымен бірге репродуктивті жүйеге кері әсерін тигізеді. Десек те, темекіге қарсы қоғам болып күрессек те, нәтиже шамалы болып тұр. Тіпті бірер апта бұрын осыған қатысты Үкіметтің арнаулы екі қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, бұдан былай темекі өнімдерінің қорабына никотиннің көлемі, улар, консерагендік және мутагендік заттар туралы шынайы ақпарат орналастырылатын болады. Темекі қорабының сыртына шылым шегудің зардабы мен оның салдарынан пайда болатын сырқаттың түрлері беріледі, сондай-ақ үрей тудыратын суреттер орналастырылады. Темекі шегудің зияндығы туралы мұндай ескертпелерді әлем елдері арасында бірінші болып 2001 жылы Канада енгізді. Мұнан кейін бұл тәсілді Бразилия, Сингапур, Тайланд қолданды, қазір әлемнің 35 елінде жүзеге асып отыр. Қазақстан бұл тізімге ТМД елдері арасында бірінші болып қол жеткізгенін айта кету керек. Демек, Қазақстан енгізгелі отырған әлемдік тәжірибе өз нәтижесін бере ме?

Маман – дәрігерлердің айтуынша, осындай тәсілді өмірге енгізу арқылы 1 миллионға жуық қазақстандықты темекі шегуден айыруға болады екен.

Б.МҰРАТҰЛЫ
www.aikyn.kz

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАТЫН БОЛАДЫ – ҚР ІІМ

Қараша 26th, 2011


«Ғимаратта бомба бар» деген жалған ақпаратты таратушылар қатаң жазаланады. Бүгін еліміздің Ішкі істер министрлігі кезекті брифинг ұйымдастырып, апта бойы жарылғыш заттарды ойынға айналдырған азаматтардың біртіндеп анықталып жатқанын мәлімдеді.

Олардың дені мектеп жасындағы оқушылар. Бірақ араларында ересек азаматтардың да бар екені аян, – деді Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз. Одан өзге брифингте айтылғандай, осы апта ішінде 3879 қылмыс тіркеліп, «ізі» суымай оның 2300-ге жуығы ашылып отыр. Бұрын жасалған 568 және өткен жылдары орын алған 18 қылмыс әшкереленді. Іздеу салынғандардың 130-ы табылып, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 145 факті тіркелді. Айта кетерлігі, апта ішінде жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесін беріп, бір ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

– Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде 90 қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық топтың 1 көшбасшысы мен 20 қатысушысы, қылмыстық ортаның 10 «беделдісі» қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 2 автомат, 8 тапанша, 1 граната, 289 патрон, 2,5 келден астам марихуанна тәркіленді.

khabar.kz

Емделетін жеріңізді интернеттен таба аласыз

Қараша 26th, 2011

Еліміздің кез келген азаматы интернет арқылы республиканың барлық ауруханаларындағы бос төсек-орындар туралы мәлімет алып, жоспарлы түрде ауруханаға жататын күнін анықтай алады. Қазірге дейін қызметтің бұл түрін 800 мыңға жуық азамат пайдаланған.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарына арналған бұл қызметті 2010 жылдың шілде айынан бастап www.bg.eіsz.kz. порталында енгізген. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Госпитальға жатқызу бюросы порталы емделушілерге жоспарлы емделу кезінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын жүзеге асырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Госпитальға жатқызудың шарты – жоспарлы стационарлық емдеуге тиісті көрсетілімдер болуы тиіс.

****

http://www.bg.eisz.kz/Default.kk-kz.htm

aikyn.kz

2017 жылы ана мен бала өлімі 1,5 есеге дейін төмендейді – Президет

Қараша 26th, 2011

2017 жылы еліміздегі ана мен бала өлімі 1,5 есеге дейін төмендейді. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан ХДП кезектен тыс 14 съезі барысында сөз сөйлеген Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау жүйесі алдағы жылдары 300 емдеу амбулаториялары және 50 емханамен толыға түседі. Әрбір облыста жедел көліктік медицина енгізіліп, оған авиациялар да тартылады. «Денсаулық» медицина пойыздарының саны артады. Барлық қазақстандықтарға сапалы медициналық қызметке қол жетімділіктің теңдей жағдайы қамтылады. Осының арқасында 2017 жылы ана мен бала өлімі 1,5 есеге төмендейді», – деді Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспарында» ұлт денсаулығы басым бағыттың бірі ретінде қарастырылып отыр. Ондағы басты көрсеткіш – жалпы өлімді кем дегенде 15 пайызға азайтып, өмір сүрудің орташа ұзақтығын 70 жасқа дейін өсіру.

inform.kz

ИРАНДА АҚШ-ТЫҢ 12 ТЫҢШЫСЫ ҰСТАЛДЫ

Қараша 26th, 2011

Бұл жөнінде «Associated Press» басылымы Иранның мемлекеттік «IRNA» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабарлады. Иранның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Парвиз, Соруридың айтуынша американдық тыңшылар Израильдік әріптестерімен бірлесе отырып, мемлекеттің ядролық обьектілеріне нұқсан келтірмек болған. «Дегенмен, олардың жоспарына біздің қызметкерлер дер кезінде тосқауыл қойып, қырағылық танытты»,- деді Парвиз Сорури.

АҚШ орталық барлау басқармамасы қызметкерлерінің бір тобын Ливандық «Хезболла» ұйымы қолға түсіруге көмектесті. Американдық барлаушылар екі кездесуді бір мекен-жайда өткізіп, өрескел қателік жіберуінің арқасында, ливандықтардың көзіне түсіп қалған. Мұндай жағдайды сәтті пайдаланған олар ирандықтармен бірлесе отырып, тыңшыларды құрықтаған.

 

muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲