Өңір имамы католик шіркеуінің жетекшісімен кездесті.

Желтоқсан 25th, 2013

Өңір имамы католик шіркеуінің жетекшісімен кездесті.

Бүгін, 25 желтоқсан күні, христиан дін өкілдерінің Рождество мерекесі.  Бұл мереке Иса (ғ.с.) пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі болып саналады. Осыған орай қоғамдағы ұлтаралық қатынасты, еліміздегі діни келісім мен толеранттылықты сақтау мақсатында ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы,  «Облыстық Қызылжар орталық»  мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы қаламыздың «Святая Троица» рим-католик шіркеуінің жетекшісі Дариуш Пашинскиймен кездесті. Кездесу барысында облыс имамы католиктерді мейрамдарымен құттықтап, өз атынан құттықтау хатын табыстады.

Имамдар Түркияда білімін жетілдіреді

Желтоқсан 21st, 2013

Қазақстан және Түркия елдерінің Діни басқармасы арасындағы екіжақты келісімге сәйкес, Республикамыздан 23 имам білім жетілдіру мен тәжірибе жинақтау үшін Түркияға аттанды.

Дәстүрлі қоғам – халықты сақтау жолы

Желтоқсан 13th, 2013

Әр ұлтқа төрт нәрсе керек. Олар: тіл, діл, дін және жазу. Осылары болса ғана әр халық өзінше халық. Егер бұлардан айырылса, ол ел халық болудан қалады.   А. Байтұрсынов

Өкіл имам Есіл ауданында

Желтоқсан 13th, 2013

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы арнайы іс-сапармен облысымызға қарасты Есіл ауданында болды.

Отызға жеттім ой кешіп….

Желтоқсан 13th, 2013

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні қазақ елінің інжу-маржаны саналатын, талай ақын-жазушылар шығармаларына арқау болған, талай ұлылырға мекен болған Арқаның кербез сұлу Көкше жерінде есімі алты алашқа белгілі, айтыскер ақын Арман Бердалиннің «Отызға жеттім ой кешіп» атты шығармашылық кеші өтті.

Return to Top ▲Return to Top ▲