Жас ұрпаққа насихат

Қараша 19th, 2013

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі «Қызылжар» орталық мешітіне жергілікті № 2 мектептің оқушылары келіп, мешіттің ұстазы Әділбеков Х. экскурсия жасап, исламның негізгі шарттары туралы, иман жайында, сондай-ақ отбасындағы ата-ананың қадірі, діндегі үлкен кісілерге көрсетілетін құрмет  тақырыптарына уағыз оқып берді.

15 жастағы қари 1 млн. теңге ұтып алды

Қараша 1st, 2013

Алматыдағы Студенттер сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған V республикалық Құран жарысының қорытынды рухани кеші өтті.

Зекет парызы насихатталды

Қараша 1st, 2013
Зекет – Ислам дінінің басты бес парызының бірі болғанымен, оның халық арасындағы насихатталуы әлі күнге дейін өз деңгейінде жүйелі түрде жүргізілмей келгені белгілі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 30 қазан күні «Қызылжар» орталық мешіті бас имамының уақытша міндетін атқарушысы А.Б.Алыпқашев, найб имам Р.Б.Қайыргелді және «Зекет» қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Н. Жұмабаев арнайы іс-сапармен Тайынша ауданына барып, имам, молдалармен, аудан кәсіпкерлерімен, жергілікті тұрғындармен кездесу

Дінге жасалған игі іс

Қараша 1st, 2013

Жуырда  облысымызға қарасты Уәлиханов ауданында жаңа мешіт бой көтерді. Жергілікті мұсылман бауырларымыздың көптен күткен Алла үйінде жамағатқа  заманауи талаптарға сай барлық жағдайлар жасалынған, ауласы кең, таза, жақын арада абаттандыру да жоспарлануда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мешіттің бас имамы  Ү. Шәкенов мешіттің бой көтеруіне үлес қосып, демеушілік жасаған барша азаматтарға, ауыл тұрғандарына алғысын білдірді. Осындай қуанышты жаңалыққа ортақтасып, жергілікті кәсіпкер мешіт атына «Лада Гранта» автокөлігінің кілтін табыс етті.

«Дін және патриотизм» тақырыбында конференция өтті

Қазан 28th, 2013

ҚР Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен  ағымдағы жылдың 24 қазан күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тақырыбы – «Дін және патриотизм». Алқалы жиынға дін қызметкерлері, әскери қызметкерлер, оқытушылар мен жастар қатысты. Өткізілген конференцияның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу және дұрыс діни бағдар берудің маңыздылығы турасында салиқалы ой, салмақты пікірлерімен бөлісу.

Return to Top ▲Return to Top ▲